Қазақстандықтарға 42 500 теңге тағайындалғаны туралы SMS келе бастады

Oinet.kz 03-04-2020 1623

Қазақстандықтарға төтенше жағдай режиміндегі әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы SMS келе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сізге 16.03.2020 - 15.04.2020 аралығында төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 60 мың адамға жәрдемақыны автомат түрде есептеу туралы SMS жіберілгенін айтқан еді. Сондай-ақ, 280 мың азамат әлеуметтік көмек аударылатын шот нөмірін жіберу туралы SMS-хабарлама алатыны айтылған.

"Барлығы миллионнан астам қазақстандық жәрдемақы алады. Сондай-ақ жақын арада біз egov.kz порталындағы өтініштер сервисін жаңартамыз және сіз SMS-құпиясөз арқылы ЭЦҚ-сыз өтінім бере аласыз", - деп толықтырды Жұмағалиев.

31 наурызда Президент алушылардың тізімін кеңейтуді тапсырды.

О мерах по недопущению распространения коронавирусной инфекции на территории города Шымкент
Атырауда коронавирус жұқтырды деген адамға көрпемен зат жеткізген - видео
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу