Жәрдемақыдан табыс салығын төлеу керек пе? - Министрлік жауабы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің өкілдері жұмыссыз қалған қазақстандықтардың жәрдемақыдан табыс салығын төлеуі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комитеттегілер табысынан айырылған қазақстандықтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем берілетінін айтады.
Салық кодексі бойынша, салық төлеп жүрген жеке тұлғалардың жәрдемақысына салық салынбайды.
Осылайша, төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтардың жәрдемақыларынан салық ұсталмайды.