Түркістан облысында коронавирус анықталған алғашқы науқас: төрт қалада болған
Бүгіндері коронавирусқа шалдыққан әйелдің 16 адаммен тығыз байланыста болғаны белгілі болды.
Түркістан облысында COVID-19 вирусын жұқтырған алғашқы науқас туралы кеңірек мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.
27 наурызда әйелдің ыстығы көтерілген. Ол 30 наурызда Жетісай орталық аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.
Анықталған мәліметтерге сәйкес, ол 21 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан Қарағанды-Павлодар бағыты бойынша пойызбен Қарағандыға жеткен. Вокзалда 6 сағат отырып, 22 наурызда ол Петропавл-Қызылорда пойызына мінеді.
23 наурызда пойыз Шымкент қаласына жетті. Содан кейін әйел өз көлігімен Жетісай қаласына бет алады. Бүгіндері коронавирусқа шалдыққан әйелдің 16 адаммен тығыз байланыста болғаны белгілі болды. Олардың бесеуі - Нұр-Сұлтанда, ал қалған 11 адам Жетісай қаласында болып шықты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.