Елімізде вирус жұқтырған жеті науқастың жағдайы ауыр

Oinet.kz 30-03-2020 2461

Коронавирустық инфекция анықталғандар арасында жеті науастың жағдайы ауыр. Ал 215 пациентте коронавирус жеңіл түрде өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Коронавирус: Алматыдағы 6 науқастың жағдайы қалай? | Inbusiness

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректеріне сәйкес, коронавирус жұқтырған 8 науқастың дерті ауыр формада өтіп жатыр. Тағы 28 пациенттің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Орталық сайтыныың хабарлауынша, қалған 215 науқаста инфекцияның жеңіл түрі анықталған. 

Айта кету керек, орталықтың интернет ресурсында Қазақстан аумағында 293 вирус жұқтырған адам бар деп жазылған. Алайда қазіргі уақытта елімізде 294 инфекция жұқтыру дерегі расталған. 

Еске сала кетсек, 31 наурызда сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысында уақытша карантиндік шектеу шаралары енгізіледі. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бұл шаралар өңірдегі вирус жұқтырғандар санын азайту үшін қабылданған. 

Әсіресе, Целиноград ауданындағы жағдай дабыл қақтырып отыр. Бұл аудан облыс аумағындағы коронавирус ошағына айналған. Шектеу шаралары уақытысында ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, саябақтар, монша кешендері, санаториялық-шипажай кешендері, сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлік, автокқлік, зат, құрылыс базарлары, сондай-ақ адам көп жиналатын барлық басқа нысандар қызметін тоқтатады.

Шымкентте жасөспірімді қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды
Дәрігерлерге төленетін үстемақы көлемі бекітілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу