Министр: «Әрбір 17 минут сайын бір адам қайтыс болып жатыр»

Oinet.kz 29-03-2020 7368

Коронавирус әлемде өршіп тұр. Бүгінгі таңда 600 мыңнан астам жұқтырған. Өлім көрсеткіші де жоғары. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты деп хабарлайды Baq.kz

2019100323113744814_ofupcmad.jpg

- Төтенше жағдай кезінде карантин режимін сақтап отырған сіздерге алғыс айтамын. Әрине,карантин режимін бұзған біраз жайттарды анықтап жатырмыз.Біздің мақсат үрей туғызу немесе қорқыту емес. Алайда каратин режимін сақтаудың өте маңызды екенін еске саламыз.Жағдай күрделі, бірақ денсаулықтан қымбат не бар ағайын!, - дейді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемде осы дертпен ауырғандардың саны 600 мыңнан асқан.

- Вирустың қалай өршіп жатқанын көріп отырған боларсыздар. Мысалы, Ныю-Йоркта әрбір 17 минут сайын бір адам қайтыс болып жатыр. Әлемде осы дертпен ауырғандардың саны 600 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші - 4,6 %. Бұл өте жоғары деп есептеледі. Бізде соңғы тәулікте төтенше жағдай  режимін бұзған үшін 124 адам жауапқа тартылды. Заңсыз сатылып жатқан 40 мың маска мен 2000 литр антисептик табылды, - дейді министр.

Ақпарат министрі қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады
Дәурен Абаев: «Коронавирусқа қарсы адамдарда иммунитет жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу