Дәурен Абаев: «Коронавирусқа қарсы адамдарда иммунитет жоқ»

Oinet.kz 29-03-2020 1032

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде «адамдардың 70 пайызында коронавирусқа қарсы иммунитет бар. Қауіпті індет 1965 жылы тіркелген» деген мәлімет тараған.

32366.jpg

«Мұны түсіндіру керек. Дәрігерлер, мамандар мені толықтыратын шығар. Бірақ коронавирус – вирустар тобы. Оған 40 вирустың тобы кіреді. атипиялық пневмония – бұл да коронавирус. таяу шығыс респираторлық синдромы – бұл да коронавирус. Иә, 1965 жылы мұндай вирустың бірінші түрі анықталды. Алайда бұл covid-19 емес. адамдарды өлтіріп жатқан қазіргі вирус тек 2019 жылы ғана анықталды», – дейді министр «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

Оның айтуынша, адам коронавируспен ауырған соң, оның иммунитеті әлсіз болады екен.

«Өкінішке қарай, COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ. Сенбеңіздер, бұл туралы италиялықтардан сұраңыздар», – деді Дәурен Абаев.

Соңғы мәлімет бойынша, Италия коронавирустан адам өлімі бойынша көшбасында келеді. Бүгінде бұл елде қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны 10 мыңнан асты.

Министр: «Әрбір 17 минут сайын бір адам қайтыс болып жатыр»
Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жасар қыз ауруды жеңіп шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу