Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
КТК тілшілері коронавирус жұқтырған қазақстандық қызбен эксклюзив сұхбат жариялады. Телеарнаның мәліметінше, коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылған бірде-бір адам дерт жайлы айтқысы келмеген.
Алина Жанзақова Алматыда коронавирус жұқтырған 48 адамның бірі. Қыздың айтуынша, ол бұл вирусты Грузиядан Беларусь арқылы ұшуға мәжбүр болғанда ұшақта жұқтырып алған болуы мүмкін.
"Біз ұшақта жөтеліп, ауырып отырған әйелді көрдік. Бірақ ол әйелде диагноз расталды ма, жоқ па - білмеймін. Біз ұшып келген Минск-Алматы рейсінде екі науқас болды. Құрбымыз екеуміз ұшып келдік, сосын бір таксиге отырдық. Вирус жұқтырып қалған болсақ, өзгелерді де жұқтырмайық деп бірге келдік. Үйден шықпай отырдым", - дейді Алина.
Ол дәрігерлер хабарласады деп ойлағанын айтады. Алайда дәрігерлер хабарласқанша қызда вирустың алғашқы белгілері пайда бола бастаған.
"Бастапқыда тамағым жыбырлады, құрғақ жөтел болды, ішімде, өкпемде бірдеңе күйіп жатқандай болды. Дене қызуым көтерілген жоқ, қазір де дене қызуым қалыпты - 35,8. Еш өзгермейді. Содан түнгі екіде маған коронавирус анықталғанын хабарлады", - дейді Алина.
Екі күннен соң жөтел мен тамақтың ауырғаны қойды дейді ол. Қазіргі уақытта, Алинаның айтуынша, денсаулығы дұрысталды. Вирусқа қарсы дәрілер қабылдап жатыр. Енді Алина басқа біреулерді де жұқтырдым ба деп қауіптеніп отыр екен.
"Палатада екі адаммен жатым. Олар да вирус жұқтырды, себебі біз бес күн бір палатада жаттық. Ол қыздар ауруханада шығарылды, бірақ оларды қайта жатқызатын шығар. Кейін мені басқа бір палатаға ауыстырды. Ол жақта 3-4 адам жатты", - дейді Алина.