Конор Макгрегор коронавируспен күреске 1 млн еуро бөлді
Екі салмақ дәрежесінде UFC-нің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор коронавирус пандемиясымен күресу үшін отаны Ирландияға 1 миллион еуро бөлді. Бұл туралы спортшы өзінің Twitter әлеуметтік желісінде жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
31 жастағы спортшы мессенджердің бірінде Ирландияның қаржы министрі Паскаль Донохьюмен хат алмасқан сәтінің скриншоттарын желідегі парақшасында жариялаған.
- "Мен барлық ауруханаларға орналастыру үшін 1 миллион еуро тұратын жеке қорғаныс құралдарына қаржы бөлемін", - деп жазды МакГрегор.
Өткен аптада спортшының жанұясында қайғылы жағдай орын алған. Макгрегордың әпкесі Энн Мур коронавирустан қайтыс болды. Аралас жекпе жек шебері жақынының қазасы туралы кезекті түсірілімі кезінде естіген.
Еске сала кетсек, италиялық "Милан" клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович коронавируспен күресу үшін өзінің шотынан қомақты қаржы бөлген.
Аты аңызға айналған швед футболшысы COVID-19 инфекциясымен күресуге 100 мың еуросын жұмсаған.
Бұндай қадамға не себепті барғанын Ибрагимович әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.