Қытайда жаңа емі жоқ вирус пайда болып, 1 адам қайтыс болды

Oinet.kz 25-03-2020 7628

Қытайда хантавирустан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Global Times жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картинки по запросу "хантавирус"

Юньнань провинциясының тұрғыны чартерлік автобуспен көрші провинцияға бара жатқан. Ол кенеттен қайтыс болғаннан кейін дәрігерлер тез арада диагноз қойған, одан белгілі хантавирустан шығатын кардиопульмональді синдром анықталған. Автобуста болған барлық 32 адам карантинге жатқызылды. Әзірге олардың арасында вирус жұқтырғандар туралы мәлімет жоқ.

Хантавирустық кардиопульмональды синдром - ауыр респираторлық ауру саналады. Вирус кеміргіштерден таралады, олардың зәрінде қалып, ауамен беріледі.

АҚШ-тың жұқпалы ауруларды бақылау орталығының мәліметтері бойынша, бұл вирусты жұқтыру қаупі тіпті дені сау адам үшін де өте жоғары.

Хантавирус симптомдары көптеген респираторлық аурудың белгілеріне ұқсас. Бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорытуда қиындық, құсу байқалады. Хантавирусты емдейтін вакцина әлі жоқ.

Біртанов: «Сәуірдің алғашқы онкүндігінде індет өршіп, биік шыңына жетеді деп күтіледі»
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны арта түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу