Біртанов: «Сәуірдің алғашқы онкүндігінде індет өршіп, биік шыңына жетеді деп күтіледі»

Oinet.kz 25-03-2020 2554

Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 процентке азайтты - Біртанов. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың өршуінің ең жоғары деңгейі сәуір айының бірінші онкүндігінде көрініс табады деп болжайды, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

news_full1584419502b4c24faf53f62964f40de98c6ec225d3.jpg

Ол бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында берген сұқбатында айтты.

- Сәуірдің алғашқы онкүндігінде індет өршіп, биік шыңына жетеді деп күтіледі. Өкінішке орай, әрқашан бұл бізге байланысты емес, - деді ол.

- Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 процентке азайтты. Сондықтан, карантиндік шараларды сақтау қажет, кеше Президент айтқандай, мүмкін бұл шараларды одан әрі де қатайтуы мүмкін, бұл инфекцияның таралу жылдамдығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Біртанов өз кезегінде халықаралық ұйымдардағы әріптестеріне өз алғысын білдірді.

Қазақстанның тағы 3 қаласында коронавирус дерегі тіркелді
Қытайда жаңа емі жоқ вирус пайда болып, 1 адам қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу