Абаев: «Мектеп оқушылары төртінші тоқсанды қашықтан оқиды»

Oinet.kz 23-03-2020

Мектеп оқушылары төртінші тоқсанды қашықтан оқитын болады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр қашықтан оқытуда қосымша ретінде қазақ тілінде “Балапан” және орыс тілінде “Ел арна” телеарналары бойынша бейнесабақ болатынын айтты.

062.jpg

- Алтыншы сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатыр. Бұл жөнінде барлық жаңалықты жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ,- деді Абаев брифингте.

Министр бұл мәселе үкіметтің құзіретінде екенін атап өтті. Барлығы алдын ала хабарланады деп сендірді.

Қосымша шара ретінде “Балапан” және “Ел арна” телеранасынан қосымша видео сабақтар көрсетіледі. Оларды білім және ғылым министрлігі дайындаған.

16 наурыздан бастап коронавирус індетіне байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.

Дәурен Абаев: «Мұқтаж азаматтардың барлығына мемлекет көмектеседі»
Серікжан Сейітжанов: «100 млн теңге бөлуді азаматтық парызым санадым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу