Дәурен Абаев: «Мұқтаж азаматтардың барлығына мемлекет көмектеседі»

Oinet.kz 24-03-2020 2015

Бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында брифинг өткізген ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин кезінде еліміздегі мұқтаж азаматтардың барлығына мемлекет көмектесетінін жеткізді деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

062.jpg

- Кеше мемлекет басшысы өте ауқымды антикризистік шаралар туралы баяндады. Өздеріңіз естігендей мұқтаж азаматтардың барлығына мемлекет көмектеседі. Ешкім қамқорлықсыз қалмайды. Президент сөзінің түйіні осы, - деді министр. 

Сонымен қатар, ол қазір журналистер мен азматтардан түсіп жатқан сұрақтардың басым бөлігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асырылуына қатысты екенін айтты. 

- Бүгін осыған қатысты Үкіметтің отырыс өтті. Барлық министрлер мен әкімер кеше президент берген тапсырмаларды орындау бойынша Жол карталарын әзірлейді. Президент тапсырмаларының барлық пунктері орындалады. Мысалы кейбір азаматтар табыстан айырылғанын азаматтарға төлемді қалай алуға болады, оған қандай құжаттар керек екенін сұрап жатыр. Қазір бұл механизмдер ұйымдастырылуда, - деді ол. 

Дәурен Абаев сөз арасында бұл жұмыстардың нәтижесі жақын арада белгілі болатынын және төлемдер кімге тиесілі болса, сол азаматтардың барлығы алатынын айтты. Алу тәртібі қосымша хабарланады.

Облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері COVID-19 инфекциясынан сақтану жолдарын түсіндірді
Абаев: «Мектеп оқушылары төртінші тоқсанды қашықтан оқиды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу