Серікжан Сейітжанов: «100 млн теңге бөлуді азаматтық парызым санадым»

Oinet.kz 22-03-2020 963

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өңір-өңірлердегі кәсіпкерлер Елбасымыздың үндеуіне үн қосып, короновирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп жатыр.

Сондай игі істің бірін оңтүстік өңіріне кеңінен танымал кәсіпкер,  Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,  «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Серікжан Сейтжанов  жалғастырып, 100 млн теңге қаржылай қаржы аударды.

серикжан.jpg

Белгілі меценат бұған дейін де қайырымды істердің басы-қасында жүргенін жалпақ жұрт жақсы біледі.  Қазір де осы ісімен түркістандық бизнесмендерге үлгі көрсетіп отыр.

– Коронавирус тек біздің елді ғана алаңдатып отырған жоқ. 120-ға жуық мемлекетке тарап, үрей туғызып келеді. Осы ретте Елбасының кешегі үндеуіне үн қосып, осы індетке қарсы күрес жұмыстарына 100 млн теңге бөлуді азаматтық парызым ретінде бөліп отырмын.

Бұл қиын кезеңдер де артта қалып, індет ауыздықталады деп сенемін.  Осындай қиын-қыстау сәтте елдігімізді көрсетіп, ынтымақ, бірліктің арқасында жеңіп шығуға шақырамын, – деді Серікжан Сейтжанов.

Абаев: «Мектеп оқушылары төртінші тоқсанды қашықтан оқиды»
Қазақстанның тағы 3 қаласында коронавирус дерегі тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу