Мұхтар Жәкішев бүгін бостандыққа шығады

Oinet.kz 19-03-2020 1020

3 наурызда "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылған еді. Енді бүгін сот үкімі заңды күшіне еніп, ол бостандыққа шығады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Наурыз айының басында Семейдегі №2 сотта Жәкішевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралған еді. "Қазатомөнеркәсіптің" экс-басшысы сот залында бой көрсетпеген болатын. Отырыс барысында колониямен видеобайланыс жасалған.

Сотта сөз сөйлеген колония өкілі тұтқынның үлгілі тәртібін айтып, оны мерзімінен бұрын босатуға болатынын жеткізген еді. Нәтижесінде сот Жәкішевті босату туралы үкім шығарған.

Сол күні үкімнің заңды күшіне жарты айдан кейін ғана енетіні хабарланды. Яғни, "Қазатомөнеркәсіп" бұрынғы басшысының 19 наурызда бостандыққа шығатыны анықталды.

Еске сала кетсек, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

Жәкішев үш рет мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Оның өтініші екі рет қабылданбаған болатын.

Сондай-ақ сот болар алдында ел президенті "Қазатомөнеркәсіп" экс-басшысына қатысты пікір білдіріп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімді сот қана қабылдайтынын айтып, шешім әділ боларына сенім білдірген еді.

Өзінің 20 сиыры бар ауыл тұрғыны біреудің 11 сиырын ұрлады
Ғалымдар коронавирустың арқасында адамзатты құтқарып қалуға болатындығын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу