Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 57 416 адамға жетті

Oinet.kz 16-02-2020 842

Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің жаңартылған деректеріне сәйкес, 2019-COVID коронавирустық инфекциясынан қаза болғандар саны 1665-ке жетті, тәулік ішінде 2009 адам ауруды жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

коронавирус.jpg

Айта кетерлігі, қатерлі дерттен айыққандар саны да едәуір өскен – 9419 адам.

РИА Новости мәлім еткендей, ауруға қатысты жаңа деректерді Қытайдың 31 әкімшілік орталығы ұсынған.

Соңғы деректерге қарағанда, жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 57 416 адамға жеткен, олардың 11 272-сі ауыр хәлде.

Соңғы тәулік ішінде 1323 адам ауруханадан шығарылған, 142 науқас көз жұмды, 219 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Айта кетейік, жақында Еуропада коронавирустан алғашқы өлім тіркелді. Францияда аспан асты елінен келген 80 жастағы турист коронавирустан қайтыс болды.

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша комитеті сенбі күні елдің 31 әкімшілік провинциялық аймағынан және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусынан коронавирус жұқтырудың жаңадан 2641 жағдайы тіркелгені және тағы 143 адамның көз жұмғаны туралы мәлімет алған.

Ал бірнеше күн бұрын Жапонияда 200-ден аса жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде төрт отандасымыздың бар екені белгілі болды. Әзірге олар ешқайда шығарылмайды.

Тоқаев: «Ауғанстанмен көрші болмасақ та қарым-қатынасымыз жақсы»
Тоқаев: Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөлі артады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу