Жетісайда шенеунік 530 мың теңге парамен ұсталды

Oinet.kz 13-02-2020 1114

unnamed.jpg

Түркістан облысы Жетісай қаласы әкімінің орынбасары парамен ұсталды. 

-Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жергілікті тұрғыннан шағын және орта бизнес жүргізуге жер телімін бергені үшін 530 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Күдіктіге қатысты нақты шешімді сот шығарады, -деді  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші депаратментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.




Қордай ауданында қаза болғандар саны 11-ге жетті
Ухань қаласынан жеткізілген студенттер карантиннен шығарылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу