Ухань қаласынан жеткізілген студенттер карантиннен шығарылады

Oinet.kz 13-02-2020

Қытайдың Ухань қаласынан жеткізілген студенттер карантиннен шығарылады. Бул туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің уақытша медиа орталығында өткізілген коронавирустық инфекция тақырыбына қатысты ресми мəлімдемеде айтылды, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

16_main.jpg

Медициналық ұйымдар Қытайдан 6 қаңтардан кейін тұрғылықты жеріне келген азаматтардың денсаулығын бақылауды жалғастыруда. Барлығы 24 154 адамға бақылау жасалды. 15 878-і мониторингтен шығарылды. Соңғы 14 күнде 8 276 адам қаралып, 1 609 адам медициналық тіркеуге алынды. Жалпы, 13 ақпанда 151 адам дене қызуы көтеріліп, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға түсті. 131 адам ауруханадан шығарылды. Қазір 20 адам ауруханада, науқастардың жағдайы жақсы. Эвакуацияланған Қазақстан Республикасының 83 азаматының 12-сі ЖРВИ бойынша ем қабылдауда, - деді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшəріп.

Оның сөзінше, Уханьнан эвакуацияланған Беларусьтың 5, Арменияның 1 азаматының жағдайы жақсы. 

11 ақпанда Қытайдың 36 қаласынан эвакуацияланған 217 біздің азамат 3 күндік тексеруден кейін дәл қазір ауруханадан шығарылып жатыр. Барлығының денсаулығы жақсы, анализдерінде ауытқу жоқ. Уханьнан эвакуацияланған студенттеріміз алдағы жексенбіде карантиннен шығарылады. 17 ақпанда олармен кездесу өтеді. Олар егжей-тегжейлі айтып береді, - деді министрлік өкілі.

Жетісайда шенеунік 530 мың теңге парамен ұсталды
Коронавирус жұқтырғандар жатқан кемеде төрт қазақстандық бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×