Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Қордай ауданында қаза болғандар саны 11-ге жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
"2020 жылдың 11 ақпанында сағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне, Қордай ауданының Масанчи ауылында, сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатырдың құлауы болған), тазарту кезінде, қираған үйінділердің астында адамның күйген денесі табылды. Мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазды Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшманов Facebook желісіндегі парақшасында.
Мұның алдында Қордай ауданындағы қақтығыстан қаза тапқандардың саны 10-ға жеткені хабарланған еді.
Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.