Ақмола облысында қайғылы жағдай орын алды

Oinet.kz 13-02-2020 936

Ақмола облысы Атбасар ауданы Покровка ауылында жеке үй өртке оранып, бір отбасы мүшелерінің жанын алып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

crop-34_10_524x931_10971307.jpg

Көз жұмғандардың біреуі - үш жасар бала. Өрт сөндірушілер ауылға жеткенше, үйдің шаңырағы ортасына түскен.

"Ауыл әкімі құтқару қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып, шатыры ортасына құлап түсті. Аумағы - 150 шаршы метр. Өрт толық сөндірілгеннен кейін үйінді астынан үй иелерінің және кішкентай баланың денесі табылды", - дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма басшысы Денис Шелкоплясов.

Кешке тұтанып, артынан күшіне мінген өрт туралы көршілес ағайындарының бірі байқап әкімге хабарлаған. Хабар жетісімен жолға шыққан құтқару қызметі 47-41 жастағы ерлі-зайыпты мен оның үш жасар баласын құтқара алмады.

"Өрттің тым жылдам өршуіне - үйдің сабаннан соғылғаны да себеп болды", - дейді өрт сөндірушілер.

Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Белгілісі, ерлі-зайыпты екеуі талай рет арақ ішіп, жанжалдасуымен көзге түскен. Құқық қорғау органының қызметкерлері бірнеше рет профилактикалық кеңес өткізіп, ескерту де жасаған.  

Әйелдеріне қол көтеретін ер азаматтарды көше жұмысына жегу ұсынылды
WhatsApp жаңа рекорд орнатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу