Канадалық кәсіпкер миллиардер мәртебесінен айырылды

Oinet.kz 10-02-2020 731

ave_206151666_high.jpg

Коронавирус сатылымға да кері әсерін тигізуде. Күртке мен сыртқы киімдер сататын Canada Goose компаниясының атқарушы директоры Дани Рейсс коронавирус салдарынан миллиардер мәртебесінен айырылды. 

7 ақпанда компания қаржылық жылдың үшінші тоқсаны бойынша есеп өткізген. Құжатта коронавирустың сатылымға кері әсер еткені жазылған, бұл үрдіс наурыздың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Себебі вирус салдарынан сатып алушылар азайған. 

Осы жаңалықтардан соң компания акциялары төрт пайызға арзандады - 33,3 доллардан 31,84 долларға. 

Дани Рейсс Canada Goose компаниясының бестен бір бөлігін иемденген, оның қаражаты 1,3 миллиард доллардан 874 миллионға дейін азайды. 

Коронавирустан қаза болғандар саны мыңға жуықтады
Қордайлық ақсақал Сапарбаевқа бар шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу