Қазақстандық боксшылар Венгриядағы турнирден үш алтын алды

Oinet.kz 08-02-2020 940

Дебреценде (Венгрия) бокстан халықаралық "Иштван Бочкай" турнирінің финалы өтті, деп хабарлады Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

0c52b85528f91bed7985e6a1e2704403.jpg

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын медальға қол жеткізді. 52 келіге дейінгі салмақта Сабырхан Махмуд финалда Лалитха Прасада Полипаллиді (Үндістан) ұтты.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынғаа түскен Айбек Оралбай қарсылас шақ келтірмеді. Ол финалда үндістандық Гаурава Чауханды ұтты.

Ал әйелдер арасында Римма Волосеннко ресейлік Ектерина Дынниктен басым түсті. Сондай-ақ, Талғат Шәйкен фрнциялық Вахид Хамблиге жол беріп, күміске ие болды. Осыған дейін Айдос Арапов (57 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Дамир Тойбай (+91 кг) және Марина Вольнова (-69 кг) қола жүлдегер атанған болатын.

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясында Төралқаның кеңейтілген отырысы өтті
Коронавирусқа себеп болған болуы мүмкін хайуан анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу