Google «өлім вирусының» салдарынан Қытайдағы кеңселерін жапты

Oinet.kz 31-01-2020 914

Google аспан асты еліндегі кеңселерінің жабылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ корпорация қызметкерлерінің Қытайға іс-сапарларын шектеп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz сайты NUR.KZ. порталына сілтеме жасап.

602x338_cmsv2_3adee23a-063a-5f66-a8a1-a469a13a3cd5-3902688.jpg

The Verge басылымының мәліметінше, Google компаниясы Қытайдағы демалыстар аяқталғаннан кейін де кеңселерінің жабық қалатынын атап өткен.

Сонымен қатар, басшылық аспан асты еліне жұмыс сапарларын шектеген.

Қытай аумағында жүрген қызметкерлеріне отанына оралып, келер екі апта бойы жұмысын үйден жасауға кеңес берілген.

Атап өтейік, ҚХР аумағында корпорация сервисінің көп бөлігі жұмыс істемейді. Ол жерде компанияның төрт өкілдігі бар. Бұдан бөлек, Google Қытайда смартфондар мен ақылды колонкалар сатады.

Айта кету керек, ҚХР аумағында тараған коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандарың саны 213-ке жеткені хабарланды.

Бұл вирустан қорғанған көптеген елдер қауіпсіздік шаралар күшейтуде.

Мәселен елімізде 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап Қазақстан мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы, 1 ақпаннан бастап екі ел арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары, 3 ақпаннан бастап жүйелі әуе қатынасы, сондай-ақ, ҚХР азаматтарына визалар беру уақытша тоқтатылады.

Ал Моңғолияда 2 наурызға дейін барлық мектеп, балабақша, кәсіптік білім беру мекемелері мен жоғарғы оқу орындары жабылған.

Қазақ журналист Түркияда үйінде өлі табылды
Қытайлықтар мамырда аяқталуы тиіс аурухананы екі күнде салып бітірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу