Тоқаев: Жекеменшік оқу орындарынан біржолата құтылу керек

Oinet.kz 24-01-2020 1099


 9a0cd8c9026553eacae6ce2d0da15470_XL.jpg

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев диплом сатумен айналысатын жоғары оқу орындары туралы айтты.

«Біз мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтердік. Министрлік білім беру бағдарламасарын жаңартумен, сондай-ақ жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнес пен жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрі мен жергілікті атқарушы органдар осы міндеттерді дұрыс атқаруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың жасы ұлғайған сайын олардың орнын басатын лайықты мұғалімдер жетіспей жатыр. 330 мың мұғалімнің 27 пайызы – зейнет жасын жақындаған немесе жеткен азаматтар. Сондықтан, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізге жаңа талаптарға сай мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орындары қажет. Диплом сатып, жоғары білімнің беделін түсіретін жекеменшік оқу орындарынан біржолата құтылу керек, - деді Мемлекет басшысы.



 


Мамин даму қарқыны төмен өңірлерді атады
Мархабат Байғұттың 7 томдығының тұсаукесері өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу