Мамин даму қарқыны төмен өңірлерді атады
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Асқар Мамин даму қарқыны жоғары және төмен өңірлерді атады.
Үкімет жетекшісінің айтуынша, 2019 жыл қорытындысында әлеуметтік-экономиканың 7 көрсеткіші бойынша республикадағы 8 өңірде жоғарғы даму қарқыны байқалған. Бұлар Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы қаласы.
Өкінішке қарай, 5 өңір көптеген көрсеткіштер бойынша төменгі орын алған. Олар Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалалары. Қалған 4 өңір: Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Түркістан облыстары орта деңгейден көрінген.