Серроне ұрыстан соң ауруханаға түсті

Oinet.kz 19-01-2020 946

Америкалық жекпе-жекші Дональд Серроне боксер Конор МакГрегордан жеңілгеннен кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Oinet.kz, Tengri.news сайтына сілтеме бере отырып. 

АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирінің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасты. Жекпе-жектен соң жеңіліске ұшыраған америкалық файтер спортпен қоштаспайтынын айтты.  

Znalezione obrazy dla zapytania конор серроне

"Конор жекпе-жек бастала сала жойқын соққыларымен мені тығырыққа тіреді. Мен мұндайды күтпедім. Ары қарай не болады дейсіздер ғой? Мен осы спорт түрін жақсы көремін, айқасты жалғастырамын", - деді Серроне.  Алайда жекпе-жектен соң америкалықтың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Басқа мәліметтер әзірге жоқ. Жекпе-жек барысында оның мұрны сынған. 

Еске салсақ, Серроне осымен қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты. 2019 жылы ол Тони Фергюсоннан жеңілген, ал қыркүйекте Джастин Гэтжи "ковбойыд" нокаутқа түсірді. Америкалық файтер UFC промоушенінде 34 жекпе-жек өткізген, оның 23-інде жеңіске жеткен. 

Жолаушылар автобусы соғысып, 12 адам қаза тапты
Жанар Дұғалова Бейбіттің бетін қайтарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу