Конор Макгрегор рекорд жасады
Бүгін Лас-Вегаста UFC 246 турнирі өтті. Жекпе-жек барысында Ирландиялық файтер Конор МакГрегор американдық Дональд Серронены 40 секундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды OINET.KZ.

«Бүгін мен жаңа рекорд орнатып, тарихты қайтадан жасадым. Мен UFC тарихындағы жартылай жеңіл, жеңіл және бүгін орта салмақтағы қарсыластарымды нокаутқа түскен алғашқы күрескер болдым. Мен өзімді мақтан тұтамын», - деді МакГрегор.

 
 
 
