Түркістан: Облыс орталығынан кезекті халықтық кеңсе ашылды

Oinet.kz 13-01-2020 927

Screenshot_4.jpg

Ағымдағы жылғы 10 қаңтар күні киелі өңір орталығы Түркістан қаласында алғаш рет қала әкімдігі жанынан тұрғындарға қызмет ететін «Халықтық кеңсе» ашылды. 

Кеңсенің негізгі мақсаты - ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, әкімшілік кедергілермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құжат рәсімдеуді жеңілдету. 

Аптаның дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс істейтін кеңседе түрлі саланың білікті мамандары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, халыққа тиімді қызмет көрсететін болады.

Киелі мекеннің азаматтары түрлі мәселелері және де өзге де сұрақтары бойынша әр мекемеге барып уақыт жоғалтпастан, осы кеңсеге келіп, барлық сала бойынша қажетті қызмет түрлерін ала алады. 

Тұрғындарды толғандырған мәселелердің жедел түрде шешімін табуы үшін қала әкімдігіне қарасты жер қатынастары, ауыл шаруашылық, ветеринария, білім, дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жұмыспен қамту орталығында көрсетілетін жалпы 97 мемлекеттік қызметтің 77 түрі көрсетілетін болады. 

Screenshot_5.jpg

Айта кетейік, бұған дейін өңірімізде мұндай кеңселердің алғашқысы Түлкібас ауданында ашылса, әрі қарай Келес, Отырар аудандарында және облыстық Полиция департаменті мен барлық қалалық/аудандық полиция бөлімдерінде жаппай ашылған болатын. 

Естеріңізге салайық, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызмет бағытына сәйкес келетін ашықтықты қамтамасыз ететін азаматтарға қолайлы кеңселер алдағы уақытта басқа да қала/аудандарда ашылатын болады.

«Қалаулымға» келген үміткер тікелей эфирде жобаны жабуды талап етті
Құны 1 млн теңге тұратын қымбат дәрілер МӘМС аясында тегін беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу