JAS OTAN» ЖҚ «JASTAR - OTANGA!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын түсіндіру және талқылау жұмыстарын
«Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрайымы жастардан ұсыныс жинау мақсатында Түркістан облысындағы «Жабай Ата» ірі шаруа қожалығындағы жастармен кездесті. Кездесу барысында төрайым Ж.Намаз өткен бағдарламаның 2020 жылға дейін қалай жүріп жатқандығы, сонымен қатар, алдыңғы жылдарға жаңа жобаны әзірлеу барысында екендігін түсіндіріп өтті. Еліміздегі ірі өнім беретін алдыңғы қатарлы шаруа қожалығындағы жұмысшылардың әр пікірі маңызды. Сол себепті, ұсыныстар мен тілектер арнайы бланкілерге жазылды. Ұсыныстар мен тілектер 4 бағыт бойынша қабылданды. Олар: білім, патриотизм және бос уақыт, еңбек пен кәсіптілік, бақытты отбасы. Сарыағаш ауданының жас тұрғындары арнайы келген облыс өкілдігіне ауданда, облыста және елімізде жастар үшін жасалып жатқан жағдайларға өзіндік пікірлерін қосып, ойларымен бөлісті.