Марапат құтты болсын мейіргерлер!
12 мамыр – Халықаралық Мейіргерлер күнінде ел құрметіне бөленгендер марапатталды. Шымкент қаласындағы опера және балет театрында өткен мерекелік іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаев пен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Р.Ағниязова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева қатысты.
Мамандардың айтынша облыстың денсаулық сақтау саласына тиісті деңгейде көңіл бөлінуде. Жыл сайын медициналық мекемелер жаңарып, жаңа ғимараттар ел игілігіне беріліп жатыр. Мамандар тапшылығы азайып, медицина қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру жолға қойылған. Бюджет есебінен жыл сайын 6 мыңнан астам медицина маманы білімдерін жетілдіруде.Денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс тұрғындарының орташа өмір сүру жасы 71,9-ға ұлғайған. Жыл сайын облыс тұрғындарының 438 мыңы ауруханада ем алса, әрбір азамат жылына кем дегенде 4 реттен емханаға қаралады. Ал, жедел жәрдем көмегіне 1 миллионнан астам адам жүгінетін көрінеді. Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек түрлерінің қашанда сапалы болуына облыс бойынша 22 мыңнан астам мейіргер қомақты үлес қосып келеді.
Жыл сайын мереке қарсаңында мамандар арасында ең үздіктерді таңдау сайысы өткізіледі. Биыл да жалғасын тапқан дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары «2017 жылдың үздік мамандары» деген арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, сайысқа қатысқан 30 медицина маманына «Ақсу-Жабағылы», «Біркөлік» және «Денсаулық» шипажайыларына жолдамалар табыс етілді. Сонымен төмендегі ақ халатты абзал жандарға шын жүректен лайықты марапаттарыңыз құтты болсын дейміз.
«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
1. Күлзада Кенжебекова – облыстық консультативтік диагностикалық медициналық орталығының бас мейірбикесі;
2. Күнсұлу Жапабаева – облыстық клиникалық ауруханасының бас мейірбикесі.
Облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталғандар:
1. Паризада Жабаева – №4 облыстық перинаталдық орталығының акушер-дәрігері;
2. Гүлбахира Асанова – Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының мейірбикесі;
3. Гүлнишан Құрбанова – №6 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
4. Айнағыз Арыстанова – Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі;
5. Жамила Базарбаева – Ленгір қалалық ауруханасының мейірбикесі.
Облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталғандар:
1. Әуескүл Сүйеубекова – облыстық клиникалық ауруханасының ем қабылдау жұмыстары бойынша бас мейірбикесі;
2. Мәрзия Омарова – Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас мейірбикесі;
3. Қарлығаш Жақаева – №4 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
4. Галина Темирбулатова – Арыс аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі;
5. Дүрия Әшірбекова – Сайрам аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі.
Облыстық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:
1. Әйкерім Тоқтыбаева – «Ана мен бала» оңалту орталығының мейірбикесі;
2. Раушан Оспанова – облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мейірбикесі;
3. Адолат Шерметова – №1 Шымкент қалалық ауруханасының мейірбикесі;
4. ГүлжаҺан Өтешова – Созақ аудандық емханасының мейірбикесі;
5. Ләззат Естемесова – Төлеби ауданы «Абай» дәрігерлік амбулаториясының аға мейірбикесі.
«Нұр Отан» партиясының грамотасымен марапатталғандар:
1. Жамила Қалыбекова – облыстық балалар ауруханасының мейірбикесі;
2. Ғанижамал Бөрікбаева – облыстық наркологиялық орталығының мейірбикесі;
3. Күлдар Арысбекова – Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының аға мейірбикесі;
4. Айткүл Байымбетова – Отырар аудандық емханасының мейірбикесі;
5. Зухра Шапулатова – Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттау:
1. Равза Салимова – Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас мейірбикесі.
Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:
1. Айнур Бөрібекова – №6 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
2. Гүлмира Исманбекова – облыстық клиникалық аурухананың ота бөлімінің мейірбикесі.
Денсаулық сақтау министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталғандар:
1. Айнұр Мұртаза – Ордабасы аудандық орталық ауруханасының акушері;
2. Ұлжан Есенбаева – Шымкент медициналық колледжінің оқытушысы.
Денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:
1. Сәуле Тажманова – облыстық офтальмологиялық ауруханасының бөлімше аға мейірбикесі;
2. Қаламқас Рсымбетова – облыстық жүйке аурулары диспансерінің бас мейірбикесі;
3. Гульнара Мирзамсеитова – «Қарлығаш» туберкулезге қарсы шипажайының мейірбикесі;
4. Гулбибі Ержігітова – №3 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
5. Нурипа Болтаева – Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі.
«Ең үздік» номинациясымен марапатталғандар:
1. «Ең үздік бас мейірбике» – Бибигүл Илебаева, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас мейірбикесі;
2. «Ең үздік мейіргер» – Ерболат Тұрысбеков, Төлеби аудандық емханасының мейіргері;
3. «Ең үздік акушер» – Гүлжан Жаңаназарова, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі;
4. «Ең үздік фельдшер» – Гузаль Ташпулатова, Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының фельдшері;
5. «Ең үздік хирургиялық бейіні бойынша мейірбике» – Гүлмира Дәулетбекова, облыстық клиникалық ауруханасының мейірбикесі;
6. «Ең үздік терапиялық бейіні бойынша мейірбике» – Қатира Есполғанова, облыстық кардиология орталығының мейірбикесі;
7. «Ең үздік бастапқы медициналық санитарлық көмек мейірбикесі» – Вазира Фузайлова, №5 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
8. «Ең үздік функционалдық диагностика мейірбикесі» – Жеңіс Сәлібеков, облыстық балалар ауруханасының мейіргері;
9. «Ең үздік зертханалық-диагностика маманы» – Бахыт Болатбекова, облыстық консультативтік диагностикалық медициналық орталығының зертханашысы.
«Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
1. Эльвира Құлымбет – облыстық офтальмологиялық ауруханасының кәсіподақ ұйымының төрайымы;
2. Сәуле Жанбаева – №6 Шымкент қалалық емханасының кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапаттау:
1. Нұралы Мейрбеков – №7 Шымкент қалалық емханасының мейіргері.
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының «Құрмет Грамотасымен» марапатталғандар:
1. Динара Есалиева – Шымкент медицина колледжінің медбикесі;
2. Рупияш Байташева – Ордабасы аудандық емханасының учаскелік мейірбикесі;
3. Жұпар Нышанова – Ленгір қалалық емханасының химизаторы.