Путин Тоқаевты әуежайға дейін өзі шығарып салып, зор құрмет көрсетті

Oinet.kz 08-11-2019 4741

Путин мен Тоқаев.jpg

Омбы қаласында өткен ХІ Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Ресей президенті Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев кездесіп, екі мемлекеттің ынтымақтақтастығын жақсартуды талқылады, деп жазады  Oinet.kz тілшісі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук желісінде жариялады. Оның айтуынша, кездесу барысында іскерліктен гөрі достық ниет айқын көрінген.

«Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық Форумы іскерлік бағытта өткенімен, кездесулерде достық ниет айқын көрініп тұрды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің келіссөздері, форумның жалпы отырысы сындарлы әрі салиқалы сипатта өтті. Екі елдің көшбасшылары талқыланған барлық мәселелер бойынша бір пікірде болды, ортақ шешімге келді.

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше құрметі мен ілтипаты оның Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салғанынан анық байқалды», - деді Берік Уәли.

Screenshot_19.jpg

БҚО-да із-түзсіз жоғалған Құндыз Мұратқызына іздеу салынады
Шымкенттің экс әкімі бюджеттен 568 710 теңге үнемдеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу