БҚО-да із-түзсіз жоғалған Құндыз Мұратқызына іздеу салынады

Oinet.kz 08-11-2019 1195

Мұратқызы.jpg

Бөрлі ауданының полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Құндыз Мұратқызы Жолтаеваны іздестіруде. 4 қараша күні ол таңғы сағат 9:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен деп хабарлайды АқпаратБиржаға сілтеме жасаған Oinet.kz.

Бойжеткеннің тұрғылықты мекенжайы: Ақсай қаласы, Заводская көшесі, 88 үй.

Бойы: 170 см, салмағы: 60 келі, шашы қою қара, ұзын. Құндыз қызыл түсті пальто мен қара түсті жемпір киген. Аяқ киімі қоңыр түсті.

Бөрлі ауданының полициясы Құндыздың тұрған жері жайлы қандай да бір ақпаратты білетін адамдарды "102" немесе 8 (778) 544-44-34 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.

Семейде он пәтерлік тұрғын үй өртенді
Путин Тоқаевты әуежайға дейін өзі шығарып салып, зор құрмет көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу