Лауазымды тұлғалар LRT құрылысына миллиардтан астам шығын келтірген

Oinet.kz 31-10-2019 930

image.png

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Екінші департаментінің бастығы Сергей Перов LRT құрылысына қатысты тергеу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

«Келтірілген шығын көлемі бірнеше есе өсіп, миллиардтан астам теңгені құрады. Бүгінгі таңда бұл іс бойынша алты күдікті, оның ішінде әкімдіктің төрт қызметкері жауапқа тартылуда. Бұлар - жоғары лауазымды тұлғалар, әкімдіктің бұрынғы жауапты қызметкерлері. Мен нақты ақпаратты айта алмаймын, себебі тергеу жүріп жатыр. Тергеу жалғасуда, оның нәтижелері бойынша біз арнайы баспасөз мәслихатын өткіземіз», - деді Перов.

Ол экономикалық және құрылыс жұмыстары бойынша сараптама мен зерттеулер жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін тексеріп, сәйкесінше шығын мөлшерін есептейміз. Сараптамаларды сот сарапшылары, осы салада жұмыс істейтін жеке компаниялар, сондай-ақ ұлттық банктің мамандары жүргізеді. Біз барлық сараптамалар мен зерттеуді бір ай ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Айтуынша, қашып кеткен күдікті Арданға халықаралық іздеу жарияланған. Оны интерпол іздеп жатыр.

«Біз оның қайда екенін білмейміз. Ал қалған күдіктілермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар ұсталмаған, олар күдіктілер ретінде танылып, бұл істе белсенді әріпестік танытуда, тергеуге қатысып, сұраққа көзбе-көз жауап беріп, тергеліп жатыр», - деп сөзін қорытындылады Перов.

8 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте LRT ісін дұрыстап тергеуді, басқалармен қатар, елорда әкімдігінің бұрынғы басшыларын да тексеруді тапсырды. LRT жобасының өзін мемлекет басшысы "өте даулы және экономикалық тұрғыдан тиімсіз" деп атап өткен.

Әліпбек Өсербаев тойды дүркіретіп өткізді
Лондонда отандық кино апталығы болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу