Жемқор полицейлерге қатысты сот үкімі шықты

Oinet.kz 23-10-2019 1231

Картинки по запросу полицей шені

Бірқатар өңірде жемқорлық қылмысын жасаған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

17 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының № 2 аудандық сотының үкімімен қалалық ПД жол-патруль қызметінің инспекторы, полиция капитаны К.Н. Досханов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ЖШС өкілін алдап, ақшасын иелену арқылы бұрын келісілген 4 мың доллардың 390 мың теңгесін иемденген. Сол секілді бұрын ұсталған Өзбекстан Республикасының 19 азаматын босатқаны үшін көші-қон қызметінің лауазымды тұлғаларына ақша берді деген күдікке ілінген болатын. 

21 қазанда осы соттың үкімімен қалалық ПД арнайы баталонының инспекторы, полиция лейтенанты Д.С.Салкимбаев сотталды. Ол әлдебір азаматтан әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған. Оған параның 30 есе мөлшерінде айыппұл салынды.

Осы күні Бурабай аудандық соты осындай қылмыс жасағаны үшін (қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны үшін 70 мың теңге пара алған) Ақмола облысы ПД аудандық полиция бөлімі жедел-криминалистика бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны А.Б.Тен 4 млн 900 мың теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаға тартылды.

Әскери қызметкерлер қандай банктер арқылы ипотекаға үй алатындары белгілі болды
Өмірзақ Шөкеев: «Мақта егуді қысқарту керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу