«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Бүгін таңертең сағат сегіздердің шамасында Арыс қаласына таяу жердегі әскери горнизонда жарылыс болып, елді дүрліктірді.
- Бомбаның жарылған дауыстары үздіксіз естіліп тұрды. Алғашқыда мұның не екендігін түсіне алмай қалдық. Үйдің шатырына шығып қараған тұрғындар да болды. Осы сәттен кейін қаланың көшелерінде сапырылыс, көлік тығыны бола бастады. Кейбір адамдардың қаланы тастап қашып жатқаны айтылды. Қазір Арыстағы тіршілік қалпына түсті, - деді біз сөйлескен арыстық бір тұрғын.
Бұған дейін Арыс қалалық әкімдігі тұрғындарға 9 маусымда әскери горнизон аумағында жоспарлы залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілетінін, оның Қорғаныс министрлігінің мамандарының бақылауында болатынын, үрейленуге негіз жоқтығын, жалған ақпарат таратушылардың заңға сәйкес жауапқа тартылатынын хабарлаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік былтыр 24 маусымда Арыс қаласындағы әскери оқ-дәрі қоймасында өрт болып, оның соңы снарядттардың жаппай жарылуына алып келді. Елу мыңнан астам тұрғын өз қалаларын тастай қашты. Оқиғадан жалпы саны 4 адам қаза тапты. Көптеген ғимараттар бүлінді. Сол кезден бастап Қорғаныс министрлігі қоймада жарылмай қалған оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.