Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

Oinet.kz 09-06-2020 936

Screenshot_4.jpg

Республикамыздың барлық өңірлерінде «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы әр-түрлі бағыт бойынша ауқымды шаралар өткізуде. Әлеуметтік жобаның маңыздылығы кәсіподақ жастарының белсенділігін дамытып, сонымен қатар мектеп бітіруші түлектеріне мамандық таңдауда кеңес беру және еріктілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Елемесұлы бітіруші түлектерге қазіргі кездегі еліміздің дамуына үлес қосып жатқан мамандықтар туралы ақпарат айтып, кәсіподақтың негізгі мақсаты бойынша еңбек адамының құқығы мен мүдделері туралы баяндады. Айта кетсек «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы «KEA» (Kazakhstan En’bek adamy) корпоративтік қорының ұйымдастыруымен "Транстелеком" АҚ демеушілігімен және «Keleshek» жастар кеңесінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. 

#БізБіргеміз

#BizBirgemiz

#КелешекЖастары

#QamqorQazaqstan

#fond_kea

#транстелеком #кайырымдылық

Арыста тағы да жарылыс болып, ел дүрлікті
Алматыдағы отбасылық атысқа қатысты тың деректер пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу