Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Бүгін Түркістан қаласының әкімдігінде шаһардың бас жоспарының жобасы таныстырылды. Шараға жобаны әзірлеген «Астана бас жоспары» Ғылыми Зерттеу Жобалау Институты» ЖШС мекемесінің қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Жиында жауапты мамандар жобаны қатысушыларға егжей-тегжейлі түсіндіріп, көкейтесті сауалдарына жауап берді.
Мамандардың мәліметіне мән берсек, бас жоспарға сәйкес қаланың аумағы 22 370 гектарды құрайтын болады. Осылайша, енді Түркістан қаласының көлемі кеңейіп, облыс орталығында тұратын тұрғындардың саны артпақ. Мәселен, қазір 164 900 халық тұратын болса, оның саны 2025 жылға қарай бас жоспардың бірінші кезеңінде 250 000-ға дейін өседі деп күтілуде. Ал, 2035 жылы есептік мерзімде 350 000 адамға жеткізу көзделіп отыр. Осы өсу деңгейі бойынша орта оқу орындары мен балабақшалар, мектеп, медициналық мекемелер желісі қала құрылысы нормаларына сәйкес және отбасы санын ескере отырып есептелетін болады. Олар бюджет есебінен де, жеке инвестициялар есебінен де салынбақ. Тұрғын үйлердің саны артып, 2035 жылға қарай бір адамға шаққанда 28 шаршы метрге дейін өседі деп күтілуде. Нәтижесінде қалаға келетін туристер саны артып, жағымды әсер алатын болады.
«Бұл жауапкершілігі жоғары жоба үш кезеңге бөліп қарастырылуда. Бұған 10 қосалқы мердігер мен 200-ден аса маман, яғни сәулетшілер, қала құрылысшылары, экономистер, тарихшылар, экологтар сынды мамандар қатысты. Бас жоспарда қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және қалпына келтіру талаптары қатаң сақталды. Сондай-ақ, Түркістан қаласының қала құрылысын дамытудың негізгі бағыттары айқындалып, ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің ұсыныстары орындалды», – деді «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС бас жоспардың арнайы шеберхана басшысы Әлібек Әбдрайымов.
Сонымен қатар, рухани шаһарда шығыстық үлгіде жаңа әкімшілік-іскерлік орталық бой көтеріп, қаланың ажарын аша түспек. Жобалау бойынша су, жылу, газ, электрмен жабдықтау да ұйымдастырылып, қалдық сулар ағатын кәріз жүйелері де назардан тыс қалмаған. Жер асты сулары деңгейінің төмендету де жолға қойылып отыр. Телефон желісінің сыйымдылығын ұлғайтып, желі жұмысының сапасын арттыру да көзделуде. Сондай-ақ, Түркістанның ыстығы ескеріліп, қала сыртынан жасыл белдеу қалыптастырып, көгалдандыру қолға алынады. Автокөлік жолдары реттеліп, тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейі 57 пайызға дейін жеткізуге күш салынбақ.