Түркістан қауіпсіз қалаға айналып, сенім күшейіп келеді

Oinet.kz 19-08-2019 773

Screenshot_18.jpg

Қаланың қауіпсіз болуы - адамдар тарапынан қалаға деген сенімді қалыптастырады. Сенім болған жерде өсіп-өркендеу болатыны белгілі. Қоғамдық тәртіп қатаң сақталатын қалаға келетін туристер саны да артпақ.

Түркістан қауіпсіз қалаға айналып келеді. Түркістанда жол көлік оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 85,5 пайызға төмендеген. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылы 82 оқиға орын алса, биыл 34-ке азайған. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақдәулет Әуелбековтың халық алдындағы есебінде мәлім болды. Рухани шаһардың мәдениет үйінде өткен жиында ағымдағы жылдың жеті айы жіті сараланды. Жергілікті полиция бастығы атқарылған жұмыстарды тілге тиек етіп, кеңінен тоқталды. Шараға қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев, Түркістан ҚПБ бастығының орынбасары Ермек Өсербаев, тәртіп сақшылары мен облыс орталығының тұрғындары қатысты. 

«2019 жылдың жеті айында жүйелі жұмыс жасадық. Атқарылған шаралар барысында қылмыстық құқық бұзушылық 34,9 пайызға қысқарып, 27752 хаттама толтырылды. Нәтижесінде 120 млн 792 мың 85 теңге әкімшілік айыппұлдар салынды. Оның 80 млн 256 мың 91 теңгесі өндірілді. Аптаның соңғы күндері рейдтік шаралар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мәселен, отбасы мен тұрмыстық қатынастағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау барысында «Қауіпсіз қала», «Құқықтық тәртіп», «Учаске», «Тұрмыс» сынды жедел сауықтыру іс-шаралары өткізілді. Сонымен қатар, қала көлемінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқықтық тәртіп», «Шетел автокөліктері» жедел профилактикалық шаралары жүзеге асты», – деді Бақдәулет Әуелбеков.

Screenshot_16.jpg

Сондай-ақ, есепте сөз алған қала әкімінің орынбасары Тәжібек Қалманұлы жергілікті полиция қызметкерлерін халықпен тығыз байланыста болуға үндеді. Ал, қала тұрғындары Махаметжан Құрманалиев пен Ақынғали Мырзалиев тәртіп сақшыларының жұмыстарына көңілі толатындықтарын білдірді. ҚПБ бастығының орынбасары Ермек Өсербаев алда оқу жылы келе жатқандығын ескеріп, мектеп мұғалімдеріне білім ордаларындағы бұзақылықтарды болдырмау үшін ювеналды полициямен жұмыла жұмыс жасауға шақырды. Жиын соңында халық көкейіндегі сауалдар тыңдалып, тұщымды жауаптар берілді.

Түркістанның бас жоспарына сәйкес, қала келбетті болады
Қауіпсіз әрі таза қала – Түркістан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу