Бүгінгі сапалы құрылыс - ертеңгі кемелденген туризм

Oinet.kz 11-08-2019 783

Screenshot_13.jpg

Құрылыс саласы - туризмді дамытудағы ең басты сала. Әлем туристері Еуропаға көне ғимараттарды көру үшін барады. Көне ғимараттар да кезінде озық үлгі болған. Құрылыс сапасының жоғары болуының арқасында олар заманнан-заманға кірпіші мүжілмей жетіп, көненің көзі ретінде сақталып отыр. Қазіргі таңда туристер сол ғимараттарды көру үшін ақшаларын аямайды. Ең бірінші кезекке олар рухани байлықты қояды. 

Алдағы уақытта Түркістан қаласында да сапалы ғимараттар саны көбеймек. Қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Тәжібай Егетаевтың хабарлауынша, Түркістанда биыл құрылыс жұмыстарын жүргізуге және жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджет есебінен 2019 жылы 9 106,1 млн теңге қаржы қаралған. Оның ішінде: Құрылыс жұмыстарына 8 374,8 млн теңге, жоба сметалық құжаттарына 731,2 млн теңгені құрап отыр. Тұрғын үй құрылысы бойынша әкімшілік-іскерлік орталығында «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы басталып 2019 жылға өтпелі 20 тұрғын үй құрылысы (1200 пәтер, 61,5 мың ш.м.) жыл соңына дейін, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 7 қабатты 14 тұрғын үйдің (47,0 мың ш.м., 672 пәтер) құрылысы басталды. Бұдан басқа, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының бойында орналасқан 7 қабатты 10 тұрғын үйдің (60,0 мың ш.м., 960 пәтер) құрылысы басталды. Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданындағы 20 көпқабатты тұрғын үй кешеніне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электрмен қамтамасыз ету) құрылысының жұмыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама әзірлеу» құрылысын РГП «Еңбек-Қызылорда» мекемесі жүргізуде.

Білім саласы бойынша Отырар мөлтек ауданынан 900 орындық мектеп құрылысы 2018 жылы басталды. Конкурстық құны 1 289,1 млн теңге құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып 200,0 млн тенге игерілді. 2019 жылға 1 080,0 млн теңге қаржы бөлінді. Биылғы жылға игерілген қаржы 553,2 млн тенгені құрап отыр. Қазіргі таңда нысанның құрылысы толық жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 2019 жылы Түркістан қаласы, Әл-Фараби атындағы №10 мектептің спортзал құрылысына жергілікті бюджеттен 22,04 млн теңге қаржы бөлінді. Нысан құрылысы маусым айында мемлекеттік қабылдаудан өткізілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағынан «Тұңғыш президент атындағы саябақ құрылысына» бүгінгі таңда 38,0 га жер телімі бөлініп, сәулет-жоспарлау тапсырмасына қажетті техникалық құжаттары жинақталып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Туристердің қалауы - қауіпсіз қала
Түркістанның бас жоспарына сәйкес, қала келбетті болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу