Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, туристер көбіне қауіпсіз қалаға барғанды құп көреді. Сырт елде туристің өзін жайлы сезінгені өте маңызды. Турист "өміріме қауіп төне ме?" деп мүлдем бас қатырмау керек. Ол саяхаттап келген елде тек қандай нысанға бару керектігін, қалай демалу керектігін ойлауы керек.
Осыған орай қазіргі таңда Түркістанда "Қауіпсіз қала" жобасы іске асырылып жатыр. Бұл жоба бойынша қалада тәртіп бұзғандарға айыппұл салынып, оларды тәртіпке шақыруда. Мысалы, орталық көшелерді белгіленбеген жерлерден кесіп өткен жаяу жүргіншілерге күн сайын 60-қа тарта хаттама толтырылып жатқанын қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Бағдәулет Әуелбеков баяндады.
Осындай жұмыс барысымен танысып және одан әрі жүйелі жүргізілуін бақылау мақсатында қала әкімі аппаратының басшысы Қанат Мылтықбеков бастаған арнайы жұмысшы топ орталық «Қуаныш» базарының маңында болды. Топ басшысының айтуынша жұмысшы топ алдағы күндері өз жұмыстарын жалғастыра бермек.
Қала әкімі аппаратының басшысы Қанат Мылтықбековтың айтуынша, қазіргі таңдағы қоғамдық көлік саласы бойынша, сапасына, жүргізушілердің біліктілігі мен жауапкершілігіне қатысты мәселер қолға алынып, 200-ге жуық қоғамдық көліктерге мониторлар орнату жоспарлануда. Қалаішілік қоғамдық көліктердің басым бөлігі бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Қоғамдық көліктерге GPS құрылғысын орнату бойынша бірнеше мекемелермен келіссөздер жүргізіліп, пилоттық жобамен электронды билет жүйесі де енгізілуде.
Сондай-ақ, қала көлемінде қауіпсіздік пен жол қозғалысын бақылау үшін биыл жыл соңына дейін шамамен 500 дана жаңа бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Бұл камералар тек қана жол жүру ережелерін ғана емес, сонымен бірге, күдіктілерді іздеу, іздеудегі адамдарды сыртқы белгілері арқылы тану, бұзақылық жасап немесе қоқыс тастап жатқан адамдарды анықтау үшін қолданылатын болады. Бұған қоса, 500 камерадан келген ақпаратты өңдейтін аналитикалық орталық жұмыс жасайтын болады.
Бұл ретте, қала басшысы «Түркістан – қауіпсіз қала» бағытында жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар беріп, ай сайын осы құрамда жиналыс өткізетінін тілге тиек етті.
Айта кетейік, тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше «қауіпсіз қала» жобасы бастау алғалы бергі уақытта сәт сайын оң нәтижеге қол жеткізіліп келе жатыр. Жергілікті тұрғындар тәртіпке бой үйретіп, игі бастамаға қолдау білдіріп жатқанын да еске салғанымыз жөн.