Қарабұқақта ірі сауда орталығы салынып жатыр

Oinet.kz 14-07-2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру ел дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Screenshot_3.png

Осы міндеттер аясында Сайрам ауданында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Соның бірі – Қарабұлақ ауылындағы Ахунбабаев көшесінде салынып жатқан заманауи сауда орталығы. Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы сауда алаңы 6000 шаршы метрді құрайтын орталық тәулігіне 2 мыңға дейін келушіге қызмет көрсететін болады.

Жобаның жалпы инвестициялық құны – 2 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталып, нысанды 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Жоба іске қосылғаннан кейін 220–240 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, бұл бастама кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, ауылдың экономикалық әлеуетін арттыруға және тұрғындарға қолайлы сауда қызметін ұсынуға мүмкіндік береді.

Осындай инвестициялық жобалар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға өз үлесін қоспақ.

Сайрам ауданындағы бірқатар нысандарды аралады
Сайрамда ет өндірісінің әлеуеті артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу