Президент Игорь Романовты ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Oinet.kz 24-02-2026

Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

image.png

Президент Жарлығымен ол бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай жоғары мемлекеттік наградаға ие болды.

Президент Жарлығымен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Ол ұзақ уақыт бойы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметін басқарды, — делінген хабарламада.

Игорь Романов тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру, билік пен қоғам арасындағы ақпараттық байланысты жүйелеу бағытында еңбек етті.

Ол медиа саласындағы басқару тәжірибесімен қатар, мемлекеттік құрылымдардың коммуникациялық жұмысын жетілдіруге үлес қосқан маман ретінде танылған. Бұған дейін ел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ол «Құрмет» және «Знак Почета» ордендерімен марапатталған.


Шымкентте ер адам 5-ші қабаттан құлап, мерт болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу