Шымкентте ер адам 5-ші қабаттан құлап, мерт болды
Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан ер адам құлап кетті. Анықталғандай ол балконды қаптау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде абайсызда төмен қарай құлап кеткен,- деп жазады Оinet.kz.

Ер адам оқиға орнында алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
— Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, — деп мәлімдеді ведомство.


