Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді

Oinet.kz 22-12-2025 18

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мемлекеттер алдында салмақты шешім мен үйлесімді әрекетті талап ететін күрделі міндеттер тұрғанына назар аударды.

Screenshot_4.jpg

Президент келесі жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету миссиясы Қазақстан Республикасына өтетінін еске салды. Мемлекет басшысы еліміз жаңа табысқа қол жеткізіп, бірлестік елдерінің игілігін еселеу үшін нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті екенін жеткізді. 

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым төрағасы міндетін табысты атқарғаны үшін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға алғыс айтты. 

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

Президент ЕАЭО қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізуді ұсынды
Шымкенттің макарондары Орта Азияны бағындыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу