Экономика мен экологияны басты орынға қойған зауыт

Oinet.kz 22-11-2025 36

   Шымкенттегі зауыттардың экологияға зиянын азайту және қоршаған ортаны қорғау бағытында соңғы жылдары бірқатар жаңа қондырғылар мен заманауи технологиялар енгізілуде. Бұл өндіріс ошақтарының табиғатқа кері әсерін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.

image.png

 Айталық автоматты экологиялық бақылау жүйелерінің арқасында  көптеген зауыттарда мұржаларға орнатылған арнайы датчиктер ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін тәулік бойы өлшейді. Бұл деректер уәкілетті органдарға онлайн режимде беріледі. Сондай-ақ заманауи газ тазалау және сүзгілеу қондырғылары мен көпсатылы тазалау жүйелері түтін мен газ құрамындағы зиянды бөлшектерді айтарлықтай азайтады. Соның нәтижесінде атмосфераға тасталатын қалдықтар экологиялық талаптарға сай келеді. Қаладағы 

кейбір кәсіпорындарда қалдықсыз немесе аз қалдықты өндіріс қағидаты енгізілген. Өндірістік қалдықтар қайта өңделіп, екінші рет пайдалануға жіберіледі. Шаһардағы кәсіпорындарда  ескі құрал-жабдықтардың орнына энергияны аз тұтынатын, қоршаған ортаға әсері төмен жаңа қондырғылар орнатылуда. 

Экологиялық нормалардың сақталуын қала әкімдігі, экология департаменті және қоғамдық ұйымдар тұрақты түрде тексеріп отырады.

Қала экономикасы мен қатар экологиясына да пайдасын тиізіп отырған ірі кәсіпорнынның бірі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС.  Зауыт өкілдерінің айтуынша  өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес кәсіпорында шекті-рұқсат етілген шығарындылар мен төгінділердің белгіленген нормативтерінің сақталуын бақылау және зауыттың санитарлық-қорғалатын аймағындағы топырақ сапасын бақылау аясында зауыт нысандарына тексеру жүргізіледі және қоршаған орта компоненттерінің жағдайына аспаптық өлшеулер жүргізіледі.

Тазалау құрылғыларын жаңғырту аясында мұнай шламын өңдеу торабы салынып, пайдалануға берілген. Мұнай шламын 3 фазаға бөлетін және сүзіліп алынған мұнай өнімдерін технологиялық процеске қайтаратын декантерлік қондырғыда өңдеу қарастырылған. Бұл шара экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, себебі ол кәсіпорынның шламжинағыштарында мұнай өнімдерінің жиналуын болдырмайды.

Экологиялық аспекті мен қоршаған ортаға әсердің арасындағы байланыс себеп пен салдардың байланысы екенін, сондай-ақ кез-келген экологиялық аспект Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін қызметінің элементімен байланысты екенін басшылыққа ала отырып, Кәсіпорында DP-13-01-15 «Маңызды экологиялық аспектілерді анықтау» процедурасы дайындалып, қолданысқа енгізілген. Бұл процедурада Кәсіпорынның экологиялық аспектілерін сәйкестендіру және олардың маңыздылық дәрежесін анықтау әдісі айқындалған.

 Зауытта  2019 жылдан бастап күн электр стансасы пайдалануға енгізілген. Сондай-ақ кәсіпорынды жаңғырту қондырғыларының құрамында электр энергиясын өндіретін жетектер – турбодетандер мен бутурбогенераторы енгізілген. Және жел-күн энергиясынан энергия алатын, автономды-комбинирленген жүйесі бар 10 шам пайдалануға қосылған. Әр шамның қуаты 100Вт, түнгі уақытта 8 сағат энергия тұтынады. 

Жаңартылған қондырғылар мен цифрлық бақылау жүйелерінің енгізілуі нәтижесінде Шымкенттегі зауыттар экологияға зиянын барынша азайтып, өндірісті қоршаған ортаға қауіпсіз жүргізуге бет бұрды. Бұл қала тұрғындарының денсаулығын қорғауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Сондай-ақ  үшінші мегаполистегі "Стандарт Цемент" ЖШС заманауи технологиялар негізінде цемент өндірісінің тұрақты және қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге қажетті өндірістік потенциалға ие. "Стандарт Цемент" ЖШС өз жұмысында өндірістік қызмет нәтижесінің қоршаған ортаға кері әсерін азайтады.

Кәсіпорынның ластану көздері аса тиімді жеңдік және электростатикалық сүзгілермен жабдықталған. Сүзгілердің шаңтұту тиімділігі 99,98 % құрайды, бұл зерттеу жұмыстарымен дәлелденген. Тоқсан сайын атмосфералық ауаға әсер ету аймағында қоршаған орта жағдайының мониторингі жасалады. 

Айта кетейік, «Standard Сement»  — Қазақстандағы ең қуатты және инновациялық цемент зауыты ҚР Үдемелі индустриялықинновациялық дамуының 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған, «Қазақстанның 100 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасына енгізілген.

Зауыт қала құраушы кәсіпорынға айналған. Шымкент қаласының Қызылсай кентінде орналасқан, онда 1000нан астам адам жұмыс істейді. "Standard Сement" жоғары сапалы цементтің ауқымды көлемін өндіруге қабілетті, бүгінде оның өндірістік қуаты жылына 2 000 000 тонна цементті құрайды. Жабдықты жеткізуші ҚХР Тяньцзян цемент өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты. Цементтің үш түрі өндіріледі. Олар: барпортландцемент М400 ДО, М400 Д20, ШПЦ және М500 ДО. Арнайы өтінімдер бойынша мұнда 700 және 800 маркалы цемент өндіріледі, ол әскери және аэроғарыштық объектілердің, метрополитендердің құрылысында қолданылады. Кәсіпорында сапа, еңбекті қорғау, экология, энергоменеджмент саласындағы ниеттер мен бағыттарды қамтитын, сондайақ кәсіпорын шығаратын өнімнің тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетініне, пайдалануда қауіпсіз және қоршаған ортаға зиян келтірмейтініне сенімділікті қамтамасыз ететін интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) құрылған. 

"Standard Cement" компаниясының барлық қызметі өнімді тұтынушылардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыруға, шығарылатын өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және жеткізушілермен, басқа да іскер серіктестермен әріптестік қатынастарды орнатуға бағытталған.

Бұл Қазақстанда цементті «құрғақ тәсілмен» өндірумен айналысатын жалғыз кәсіпорын, мұндай өндірістер әлем бойынша жиырмадан аспайды. Ылғалды әдіс экологияға зиянды, бұл ескірген технология.

Электр жабдықтарын өндіру арқылы қала экономикасын дамытуда
Құрылыс материалдарын өндіру ісі – экономиканың маңызды драйвері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу