Шымкентте медициналық қызметтер бағасын тұрақтандыру бойынша меморандумдар жасалды

Oinet.kz 04-12-2025 5

Медициналық қызметтер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету және тұрғындарға денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін арттыру – қазіргі денсаулық сақтау саласының негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі. Бұл бағытта медициналық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар кешенді шараларды жүзеге асырып келеді.

image.png

Ең алдымен, қызмет құнының тұрақтылығын сақтау үшін тарифтік саясатты реттеу, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың бағасын бақылау, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру және артық шығындарды азайту шаралары қолға алынуда. Бұл өз кезегінде медициналық қызметтердің негізсіз қымбаттауына жол бермейді.

  Шымкентте медициналық қызметтер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету және тұрғындарға денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін арттырудың маңызды қадамы жасалды.

Қала әкімдігі мегаполистегі жетекші медициналық және фармацевтикалық ұйымдармен бірге бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляциялық процестерді тежейтін бірқатар меморандумға қол қойды. Бастаманың негізгі мақсаты – ақылы медициналық қызметтердің, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын төмендету, баға қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру.

Келісімдерді жүзеге асыруға «№14 емдеу орталығы» ЖШС, «Ай-Нұры медициналық орталығы» ЖШС, «КАМЕЯ Pharm Group» ЖШС, «Otau Med» ЖШС, «Атамекен медициналық орталығы» ЖШС, «ЗЕРДЕ-ФАРМА» ЖШС, «МУРАТ-ФАРМ» ЖШС және «ЗЕРДЕ ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС қосылып отыр. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың айтуынша, бұл қадамдар медициналық ұйымдардың жұмысын ашық әрі тиімді етуге, азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған.

«Меморандумдарға қол қою қала тұрғындарына медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыруға тікелей ықпал етеді. Бұл келісімдер инфляциялық қысымды төмендетуге бағытталған жалпы жұмыстың маңызды бөлігі саналады», – деп атап өтті Айдын Кәрімов.

Сонымен қатар инфляцияның денсаулық сақтау жүйесіне әсерін төмендету мақсатында бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, ресурстарды оңтайландыру, жаңа технологияларды енгізу арқылы шығындарды қысқарту бағыттары іске асуда. Мұндай тәсіл медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын нығайтып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Халықтың денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділігін арттыру үшін алғашқы медициналық көмек желісі кеңейтіліп, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысы күшейтілуде. Телемедицина, цифрлық тіркеу, мобильді медициналық кешендер және ауылдық елді мекендердегі алғашқы көмек пункттерін дамыту сияқты шаралар тұрғындардың медициналық көмекке тез әрі ыңғайлы қол жеткізуіне ықпал етіп отыр.

Барлық осы бастамалар медициналық қызметтердің сапасын арттырып, әлеуметтік теңдікті нығайтуды, әрі тұрғындардың денсаулығын қорғауда тұрақты нәтижеге қол жеткізуді көздейді.

Айта кету керек, тараптардың өзара міндеттемелері баға тұрақтылығы мен қызмет сапасын сақтап қана қоймай, медициналық ұйымдар арасында адал бәсекелестікті дамытуға, азаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.

Қала әкімінің бірінші орынбасары, сонымен қоса, Шымкенттегі жылдық инфляция деңгейі 2025 жылдың қараша айында 11,8 пайызды құрағанын атап өтті, бұл республика бойынша орташа көрсеткіш – 12,4 пайыздан төмен. Өңірлер арасында мегаполис 17-орында келеді және инфляциясы төмен өңірге жатады.

Почти 444 тыс. раз воспользовались лица с инвалидностью услугами инватакси через агрегаторы
Кәсіпкердің құқығы — бизнес климаттың өзегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу