Медициналық бұйымдарды сатудан түсетіп пайда көп

Oinet.kz 03-11-2025 2

image.png

Кәсіпкерлік – мемлекетті алға сүйрейтін басты салалардың бірі. Сондықтан отандық кәсіпкерлерді қолдау мен дамытуға мемлекет басым көңіл бөліп келеді.  Әсіресе түрлі бағдарламалардың жүзеге асырылуы кәсіпкерлік саласының қанатын кеңге жаюына септігін тигізуде. Мәселен  «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы талай жобаны қанаттандырып келеді. Аталмыш бағдарлама 2010 жылдан бастап табысты іске асырылуда. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалар ішінде ең сұранысқа ие бағдарлама болып саналады. Бағдарлама бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдауды қарастырады. Дәл осы бағдарламаның арқасында Шымкент қаласында көптеген кәсіпорындар ашылып, бірталай кәсіпкерлер өз ісін дөңгелетіп отыр. Айталық қаладағы фармацевтика саласындағы «Green Cross Eco» ЖШС-нің  «Медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі» деп аталатын медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорын 

«Бизнестің жол картасы- 2025» бағдарламасы шеңберінде өз жұмысын бастаған болатын. Жобаның құны 500 млн теңгені құрайды. Мұнда жаңадан 50 жұмыс орны құрылған. Кәсіпорын жылына иммуноферментті анализдің 500 мың жинағын және 70 миллион  инсулинді ине шығаруға қауқарлы. Бұған дейін медицинада адам өмірі үшін аса маңызды инсулиндік инелер шетелдерден әкелінсе, енді өзімізде өндірілуде.  Әзірге, инсулинге тәуелді ауруларда қолданатын автомат ручкаға инсулиндік иненің 6 түрі шығарылуда. «Бұйыртса, жаңа бағыттағы өндіріс орны ел нарығын ғана қамтып қоймай, шетелге шығады деген үміттеміз»,- дейді кәсіпорын басшысы Гүлия Жүзенова. «Тассай» индустриялды аймағында орналасқан өндіріс ошағы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған болатын.

Медициналық құралдардың отандық өндірісі – мемлекетті импортқа тәуелділіктен босататын маңызды фактор. Мәселен, шетелден әкелінетін құрылғылар бағасы жоғары, жеткізу мерзімі ұзақ және валюта өзгерісіне тәуелді. Өз елінде өндіріс болуы – нарықты тұрақтандырып, медициналық қызметтердің қолжетімді болуына ықпал етеді. Медициналық құрылғылар рыногы жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. Халықаралық сарапшылардың дерегінше, бұл саланың жылдық өсімі 5–7% шамасында. Бұл бизнес жоғары технологияны талап етуімен ерекшеленеді және тұрақты сұранысқа ие. Қоғамда денсаулыққа деген жауапкершілік артқан сайын, медициналық құралдар өндірісі де жаңа деңгейге көтеріліп келеді.

Қазақстан үшін де бұл – болашағы зор сала. Ірі қалаларда медициналық құрылғылар шығаратын жаңа зауыттар ашылып, импортқа тәуелділік біртіндеп азайып келеді. Мұндай кәсіпорындар жергілікті халықты жұмыспен қамтып, салық түсімдерін арттырып, өңірлік экономиканы әртараптандырады. Әсіресе инсулин инелері, хирургиялық құралдар, қорғаныс бұйымдары сияқты талап жоғары өнім түрлері ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

GREEN CROSS ECO – Шымкент қаласында орналасқан, медициналық құралдар мен инсулин иелері секілді маңызды медициналық бұйымдар өндіретін ресми тіркелген, жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оның жұмысы тек экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, сонымен бірге жергілікті тұрғындарға жұмыс ұсынады, импортқа тәуелділікті азайтады және медициналық жабдықтардың қолжетімділігін арттырады. Медициналық құралдар бизнесі – ел экономикасы мен денсаулық сақтау жүйесінің тірегі. Бұл салаға салынған әрбір инвестиция адамның өмірін сақтауға бағытталған. Отандық өндірісті дамыту арқылы мемлекет импортқа тәуелділікті азайтып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге жол ашады.

Детейлинг қызметін көрсету арқылы нәпақасын тауып жүргендер көп
Мемлекеттік қолдауымен жеке кабинетін ашып жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу