Табиғи газбен қамту деңгейі артып келеді

Oinet.kz 21-11-2025 9

Шымкент қаласында табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қаладағы 81 елдімекеннің 60-ы толық газбен қамтылған, 20 елдімекен тұрғындары жартылай (жекеменшік) жүйеге қосылған, ал Айкөл елдімекені әлі де газ жүйесіне қосылмаған. 

Screenshot_29.jpg

Қазіргі таңда диаметрі 1000 мм магистралды газ құбырының жобасы әзірленіп, құрылысы аяқталғаннан кейін Жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) дайындалады.

2024 жылы қалада 15 нысанның құрылысы жүргізілді. Солардың ішінде Қайнарбұлақ 1 және 2 кезеңі, Ынтымақ-2, Бозарық 1, 2 және 3 кезеңдері, Еламан, Қайтпас-1 (6 көше), Қаратөбе, Тәуелсіздікке-20 жыл, Қайтпас-1 мен Тұран, Тассай шағын ауданы, Жұлдыз-Жалын және Достық (треугольник) аудандары бар. Мамандардың мәліметінше, жыл қорытындысымен тоғыз нысан толық аяқталып, Қайнарбұлақ 1 және 2 кезеңі, Ынтымақ-2, Бозарық 1, 2, 3 кезеңдері, Еламан, Қаратөбе және Тәуелсіздікке-20 жыл аудандарының тұрғындары табиғи газ жүйесіне қосылды. Бұл нәтижелер 90 мыңнан астам адамның газбен қамтылуына мүмкіндік беріп, жалпы қамту деңгейін 96 пайыздан 97,4 пайызға дейін арттырды.

2025 жылы тоғыз нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Осы жылы Қарабастау мен Жұлдыз-Жалын нысандарының құрылысы толық аяқталып, тұрғындар газға қосылды. Қалған жеті нысанның (Тассай, Достық (треугольник), Қайтпас-1 мен Тұран шағын аудандары, Қайтпас-1 (6 көше), Алтынтөбе 2 кезең, Жаңаталап жеткізуші газ құбыры, Қызылжар-2) құрылысы 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарланған. Сонымен қатар, 2026 жылы Құрсай және Жаңаталап 2-кезең нысандарының құрылысы басталмақ.

– Қызылжар-2 шағынауданындағы (әуежай маңы) газ жүйесінің құрылысына жергілікті бюджеттен 300 млн теңге қаралып, мердігер мекеме анықталды. Құрылыс жұмыстары сәуір айынан басталады. Ал Жаңаталап пен Алтынтөбе тұрғын алаптары бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын бастау үшін бюджеттен қаржы бөлу ұсынылмақ. Құрсай шағын ауданы үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, – дейді Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысы Рзабек Меңдіқұлов.

Қаланың даму жоспарына сәйкес, алдағы жылдары бір жаңа станция мен айналма магистралды газ құбыры (АГРС-5) құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Мамандардың пікірінше, бұл жобалар тұрғындарды сапалы және тұрақты табиғи газбен қамтамасыз етуде стратегиялық маңызы бар және жаңа шағынаудандардың инфрақұрылымын дамытуға серпін береді.

«Ақжар» қосалқы станциясының құрылысы – сапалы электр қуатын қамтамасыз етудің маңызды жобасы
Шымкентте жылумен қамту жұмыстары уақытылы және жүйелі жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу