Шымкенттің электр энергиясымен қамтылуы: 81 елді мекен толық қуат алады

Oinet.kz 18-11-2025 6

Шымкент қаласы – еліміздегі экономикалық өсім мен қалалық инфрақұрылым дамуы бойынша жетекші орталықтардың бірі. Тұрғындардың өмір сапасын арттыруда электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. 

Screenshot_24.jpg

Қалада бүгінгі таңда 81 елді мекеннің барлығы толық электр қуатымен қамтылған, бұл мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының айқын көрсеткіші.

Қаладағы электр энергиясын тұтыну көлемі – 400–450 МВт. Оның 121 МВт-ы жергілікті көздерден («Энергоорталық-3» АҚ), ал қалған бөлігі сыртқы көздерден тасымалданады, Екібастұз МАЭС – 221 МВт, Шардара СЭС – 13 МВт, Жамбыл МАЭС – 40 МВт. Бұл қуат қаланың күнделікті тұрғын және өндірістік қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді.

Қала аумағында 6 966 км электр желісі, 46 қосалқы станция, 2 438 трансформатор бар. Коммуналдық меншікте – 3 832,4 км желі, 9 қосалқы станция, 1 217 трансформатор; «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-де – 3 133,6 км желі, 37 қосалқы станция, 1 221 трансформатор.

2025 жылы қалада 8 маңызды жоба іске асырылуда. Олардың ішінде, қосалқы станциялар, «Ақжар» 110/10 кВ – іске қосуға дайын; «Бадам» 110/10 кВ – 2026 жылға жоспарланған. Жаңа құрылыс аумақтары: Құрсай – 2025 жылы, Сайрам және Қайнар бұлақ – 2026 жылы пайдалануға беріледі. Ішкі орамдық жүйелер: Тұран-10 РП, Ақжайық (200 орын), А.Оразбаева көшесі – 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.

Осы жобалар нәтижесінде 11 мыңға жуық тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады, бұл жаңа шағын аудандардың тұрғындары үшін маңызды.

«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің электр желілерінің тозу деңгейі бүгінгі таңда 57% құрайды. Инвестициялық бағдарламалар аясында 2024 жылы 100,5 км желі, 36 трансформатор жаңартылып, 1 қосалқы станция салынды. Бұл тозу деңгейін 57,3%-дан 57%-ға төмендетті.

2025 жылдың соңына дейін жоспарланған жұмыстар, 90,5 км электр желісі жаңарту, 33 трансформатор орнату, 4 қосалқы станция салу, ВЛ-35кВ желісін 3 км ұзарту болып отыр. 

Бұл жұмыстар тозу деңгейін 56,4%-ға дейін төмендетеді және электрмен қамтамасыз ету сапасын арттырады.

Электр қуатымен толық қамтылу – қала экономикасының дамуы мен жаңа кәсіпкерлік жобаларды іске қосу үшін шешуші фактор. Жаңа шағын аудандарда сапалы электр қуатының болуы тұрғындардың тұрмысын жақсартып, құрылыс саласын, өндіріс және сервис секторларын дамытуға жол ашады.

Алайда, ескі қала аумағында жарықтың сөнуі көбіне желілердің тозуымен байланысты. Ал жаңа шағынаудандарда құрылыс компанияларының ережені сақтамауы (қазба жұмыстары, заңсыз құрылыс) электр инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіруі мүмкін. Бұл – алдағы жылдардағы жоспарланған жаңғырту жұмыстарының маңызын көрсетеді.

Инженерлік инфрақұрылым жаңғырып, тұрғындардың өмір сапасы артып келеді
Шымкенттің энергетикалық инфрақұрылымы: Жаңа қосалқы станциялар мен желілер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу