Экономиканы әртараптандыру – ұлттық дамудың кепілі

Oinet.kz 19-09-2025 74

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында елдің тұрақты дамуына серпін беретін стратегиялық бағыттар айқындалды. 

Screenshot_11.jpg

Мемлекет басшысы агроэкономика саласын озық үлгілерге бейімдеп, ауыл шаруашылығын цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен бірге арнайы экономикалық аймақтарды дамыту, басқару тетіктерін жетілдіру және инвестициялық тартымдылығын арттыру міндеті қойылды. Президент жер қойнауын зерделеуде заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу арқылы жаңа кен орындарын анықтаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібін жаңа деңгейге көтеру де басты назарда. Бұл салада инновацияларды енгізу, экспорт әлеуетін кеңейту және кадрлық сапаны арттыру арқылы экономиканың негізгі драйверіне айналдыру көзделуде.

Аталған бастамалар еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етіп, ұлттық экономиканың сапалы өсуіне негіз болады.

Кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы оның экономикасының құрылымына тікелей байланысты. Егер экономика бір ғана салаға тәуелді болса, ол жаһандық өзгерістерге шыдамсыз келеді. Ал әртараптандырылған экономика кез келген дағдарысқа бейімделіп, ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізеді. Сондықтан да экономиканы әртараптандыру – Қазақстан үшін аса өзекті мәселе.

Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел болғанымен, мұнай мен газға, пайдалы қазбаларға тәуелділік – ұлттық экономиканың әлсіз тұсы. Әлемдік нарықтағы баға құбылмалығы елдің қаржы тұрақтылығына тікелей әсер ететіні белгілі. Сол себепті ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм, цифрлық технологиялар және жасыл энергия сияқты жаңа бағыттарды дамыту – еліміздің келешегін қамтамасыз етудің басты жолы.

Экономиканы әртараптандыру ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Әртүрлі саланың дамуы халықтың еңбекке тартылуына, табыстың артуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл – инновация мен ғылымды, білім мен кәсіпкерлікті дамытуға түрткі болады. Әсіресе, шағын және орта бизнестің дамуы әртараптандырудың басты тетігі саналады.

Әртараптандыру тек экономикалық қана емес, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты да қамтамасыз етеді. Салааралық теңгерім орнағанда қоғамда әділеттілік артып, аймақтардың дамуы үйлесім табады. Мысалы, бір өңірде ауыл шаруашылығы өркендесе, екінші өңірде өнеркәсіп пен туризм дамуы мүмкін. Бұл – тұтас елдің әлеуетін көтеретін фактор.

Жасыл энергия және транзиттік әлеует – ел дамуының жаңа бағыты
Комплексное развитие АПК – стратегическая задача
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу