Ұлттық мерекелер рухани тарихи сананы қалыптастыратын құндылықтар

Oinet.kz 14-08-2025 46

Ұлттық мерекелер – тек той-думан ғана емес, рухани тәрбие мен тарихи сананы қалыптастыратын маңызды құндылықтар. 

Screenshot_44.jpg

Қазақ халқының ұлттық мерекелері – халқымыздың көп ғасырлық тарихы мен мәдениетінің айнасы. Олар сырт көзге қарағанда тек ойын-сауық, той-думан секілді көрінуі мүмкін. Бірақ әр мерекенің астарында терең мән-мағына, ұлттың рухани байлығы мен тәрбиелік мазмұны жатыр. Шаһарда ұлттық мерекелер  - Наурыз мерекесі, Республика күні, Тәуелсіздік күні  мерекелері үлкен ауқымда, жалпыхалықтық сипатта өтіп жатса, оның мән-мағынасын түсіндіруде ЖОО, білім ұялары, құқық қорғау органдары, тіпті медициналық ұйымдарда ерекше форматта іс-шаралар өтеді. 

– Қазақтың мерекелері – халықтың рухани өмірінің жарқын көрінісі. Халықтық мерекелердің табиғатпен, көшпелі халықтың шарушылық күнтізбесімен тығыз байланыстылығы осы мерекелердің өміршеңдігіне әсер етті. Өзіндік ерекшелік пен бояу дарытты. Мерекенің негізгі идеясы ескіні, мезгілі өткенді шығарып салу, табиғаттың жаңаруы, отбасының берекесінен үміттену болып табылады. Көне халықтық мерекелер мен ғұрыптардың сақталуы халықтың ізгілік, адамсүйгіштік және тәрбиелік тәрізді адамгершілік идеяларын бойына жинаған рухани-адамгершілік мәдениетті байытады. Мерекелік этикетттік жағдайлар сезімге, көңіл-күйге күті ықпал етеді, бұл сананың адамгершілік этикалық саласына әсерін тигізеді, ал сана арқылы өткен нанымдар мен түсініктер адамгершілік мінез-құлыққа айналады, - дейді М.Әуезов атындағы ОҚУУ-нің  п.ғ.д. профессор А.Қалыбекова.

Елімізде мән-мағынасы, құндылығы жоғары ұлттық мерекелер бар. Атап айтқан, Наурыз мейрамы – көктем мен жаңарудың ғана емес, адамдардың бір-біріне кешірім жасап, татулық пен бірлікті нығайтатын күні.Тәуелсіздік күні – азаттықтың бағасын ұғынатын, ұрпаққа елдің өткені мен бүгінін түсіндіретін тарихи сана қалыптастыратын мереке. Республика күні – мемлекеттілікті нығайту, заң мен құқықтық мәдениетті құрметтеуге тәрбиелейді. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Әл-Фараби мектебінің мұғалімі Айман Керімбайқызы «Ұлттық мерекелер – бұл тек той емес, ұлтты ұлықтау, салт-дәстүрді дәріптеу, елдік пен бірлікті бекемдеу жолындағы тағылымды тәрбие құралы, - дейді.

– Жас буынның ұлттық мерекелердің құндылығын түсінуде ашық сабақтар өткізіледі. Бұл оқушылардың елін, жерін сүюге тәрбиелеуде, тарихты құрметтеуде, ұлттық бірлік пен тұтастықты арттыруда, рухани және мәдени мұраларды сақтауда маңызы өте жоғары.

Ғалым А.Қалыбекова егіншіілк пен молшылық көрініс табатын «Тасаттық», «Соғым», «Қарахат той» секілді мерекелердің ұмытылып бара ажтқанын айтады. Мұндай мерекелер адамдардың бір-бірінің қолдауына ынтымақтастық сезімдерінің пайда болуына ықпал етеді дегенді алға тартты. 

Ұзатылар қыздың ұлттық бас киіміне қаншалықты мән беріп жүрсіз?
Баланы «қырқынан шығару» рәсіміндегі 40 санының мәні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу